ҚАЛА ӘКІМІ «СӘУЛЕ» ШАҒЫНАУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ
ҚАЛА ӘКІМІ «СӘУЛЕ» ШАҒЫНАУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағынауданындағы №129 мектепте тұрғындармен кездесіп, елді мекендегі және 195, 276 орамның инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын пысықтады.
«Сәуле» шағынауданы инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтылған. 26,1 шақырым көшелердің 23,1 шақырымы (88,5 %) асфальттанған. 2021 жылы Көктөбе, Ж.Жабаев көшесі жарықтандырылды.
195 орам да инженерлік жүйелермен толық қамтамасыз етілді. Электр қуатымен қамту жұмыстары 2019 жылы, ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған. 2021 жылы газ жүйелерінің құрылысы толық орындалды. 2022 жылы наурыз-сәуір айларында АГРС №3 газ тарату станциясы іске қосылған соң абоненттерге қосу жұмыстары жүргізіледі.
2021 жылы 8 көшеге (3,4 шақырым) тас төселді. 2022 жылы Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы, Қарағанды және №1 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қолға алынбақ.
276 орамда инженерлік жүйелермен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Елді мекенге ауыз су толық жеткізілген. Электр қуатымен қамтуда «Ақсемсерстройсервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының 65 пайызы орындалды. 2022 жылдың қараша айында толық аяқтау жоспарлануда.
Табиғи газбен қамту бойынша мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС биыл сәуір айында құрылыс жұмыстарын бастайды. Жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Газ жүйелерінің ұзындығы – 28 шақырым. Биыл 14 көшеге (15 шақырым) тас төсеу жоспарлануда.
Айта кетсек, бүгінгі таңда Сәуле шағынауданы тұрғындарына №32,43 маршруттар қызмет көрсетуде. 195 орам бойынша №16 автобус бағыты Төле би көшесіне дейін тұрақты қатынауда.
Қала әкімі кездесуде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды жан-жақты түсіндіріп өтті. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Шаһар басшысы осылай жиі кездесіп тұрудың жұмыстың жүйелі жүруіне пайдасы көп екенін айтты.
Жиын соңында тұрғындар қала әкіміне алғыстарын жеткізді.