ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 13 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ЕСКІРГЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ МЕН ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 13 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ЕСКІРГЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ МЕН ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Облысымыздың басқа аудандарына қарағанда Түлкібас ауданында қыс мезгілі боранды күндермен ерекшеленеді. Бір күндері шығыстан батысқа «Шақпақ» желі тұрса, кейбір күндері батыстан шығысқа «Құбыла» желі соғады. Ауа-райы қолайсыздығы электр желілері мен бағаналарын істен шығарып, жөндеу жұмыстары аяқталғанша бұқара халықты электр жарығынсыз отыруға мәжбүрлейді.
Аталған мәселенің алдын алып, тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында былтыр аудан аумағында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық жобасы шеңберінде аудан аумағындағы 13 елді мекеннің ескіріп, тозығы жеткен 47 шақырымды құрайтын жоғарғы және төменгі кернеулі электр желісі мен 822 бағанасы жаңартылды.
Аталған жұмыстар Састөбе, Ынтымақ, Қызылту, Түлкібас, Т.Рысқұлов, Абай, Кершетас, Амангелді, Жабағылы, Көкбұлақ, Азаттық, Тастұмсық, Еңбек ауылдарында жүзеге асқан.
Сонымен қатар, көрсетілген елді мекендер аумағындағы ескірген 12 дана төмендегіш жинақты трасформаторлар жаңартылып, жөндеуден өткен.
Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *