ФЕРМЕР: ТАРИФТІҢ КӨТЕРІЛУІ – БІРАЗ ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Су шаруашылығында суды жеткізіп берудегі шығындарын жаппайынша, мәселе шешілмейді. Бұл ретте тарифтің әділ бағада көтерілуін қолдаймыз. Тарифтің көтерілуі – біраз түйіткілді мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бұл «Қазсушар» РМК өкілдерінің Түркістан облысына іс-сапары кезінде шаруаргерлермен кездесуіндегі диханшылардың айтқан пікірі.


«Қазсушар» РМК өкілдері Түркістан облысы Шардара және Жетісай аудандарының шаруагерлермен кездесті. Жиында биылғы жылдың басты өзгерісі, яғни, суармалы су тарифінің не себепті өскені туралы айтылды.
Мекеме өкілдерінің сөзінше, бұрынғы тариф Су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелерді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ негізгі қарыз қаражатын қайтару мен олар бойынша сыйақыны қалыпты режимде жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. Бұдан бөлек, жалақының аз болуынан білікті кадрларды сақтап қала алмауға ықпал еткен. Сол себептен, бұрынғы тариф екі жылдың ішінде Қазсушар мекемесінің жалпы шығыны 4 млрд теңгеге алып келді.


«Кадрларды сақтау және объектілерді тиімді пайдаланып, қажетті операциялық шығындарды толық көлемде қосу үшін, Қазсушар қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында әділ тарифті бекітуге мәжбүр болдық. Мұнда 2021 жылдың 1 мамырынан бастап әділ орташа тариф -66 тиын/м3(ҚҚС-сыз) бекітілді.»-, деп атап өтті «Қазсушар» РМК өкілі Аслан Жеңісов.
Жиынға қатысқан шаруагерлердің басым көпшілігі тарифтің өскенін қолдады. «Пердебай и К» фермерлік қожалықтың төрағасы Қаблан Жұмабековтың айтуынша, суармалы су тарифінің өсуі шаруагерлер үшін аса маңызды.


«Тариф құнын көтерілуін дұрыс деп есептеймін. Мұның барлығы Су шаруашылығында суды жеткізіп берудегі шығындарын жаппайынша болып жатыр. Сол себептен құнын өсіру арқылы, біраз түйіткілді мәселелерді шешуге ықпал етеді. Мәселен, су шаруашылығына сапалы кадрларды тартумен қатар, тозығы жеткен су жүйелерін қалыпқа келтіруге мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде шаруагерлер үшін аса маңызды. Біздің ауданның барлық шаруагерлері бұл бастаманы қолдайды деп сенімдімін», — деді Қаблан Жұмабеков.
Айта кетейік, Қазақстанда 1 мамырдан бастап каналдар арқылы су берудің жаңа тарифтері бекітілді. Қазір фермерлер 1 текше метр су үшін 66 тиын төлейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

__

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *