Тоқаев әкімдер мен депутаттарға ұнамайтын шешім қабылдады

Әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жарияланады

Үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жарияланады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бюджет кірісі жайлы айтқанда, шығыстардың кейбір тармақтарын атап өтпеуге болмайды. Үкімет мүшелері мен депутаттардың жалақысына тоқталғым келеді. Әкімдер де бар. Өткен жылдың соңында бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Сол себепті, менің ойымша, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшілер санатының жалақысы әбден жеткілікті. Сондықтан үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялау мүмкін деп санаймын», — деді Тоқаев.

«Бұл жаңалық мәжіліс депутаттарына ұнамайтынын түсінемін, бірақ мұны түсіністікпен қабылдайсыздар деген ойдамын», — деп толықтырды мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын экономика мен бюджеттің мүмкіндігіне қарай көтеру керек.

https://sputnik.kz/economy/20220111/19111681/Toqaev-akimder-deputatta.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *