Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды
«Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 3-тармағымен (төтенше жағдай режимін бұзу) азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы төтенше жағдайдың енгізіліумен ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге салынған шектеуді елемеген.

Сөйтіп, 25 наурызда «1xbet» ЖШС-нің букмекерлік кеңсесін ашып қойып, ойын-сауық қызметін атқарған» -деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспсөз қызметі. Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

https://www.inform.kz/kz/atyrauda-totenshe-zhagday-rezhimin-buzgan-bukmekerlik-kense-menedzheri-10-taulikke-kamaldy_a3629681

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *