Шымкент тұрғыны мемлекетке бір миллиард теңге шығын келтірген
Шымкент тұрғыны мемлекетке бір миллиард теңге шығын келтіргенФото:gov.kz
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
«Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді», — делінген хабарламада.
А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.