ШЫМКЕНТТІҢ 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
ШЫМКЕНТТІҢ 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессиясында қаламыз үшін бірқатар маңызды шешімдер қаралып, мақұлданды. Сессия жұмвсына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Күн тәртібіне жалпы 13 мәселе шағырылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Жиында алдымен 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті бекітілді. Онда қаладағы барлық мектептегі бастауыш сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту, жолдарды орташа және күрделі жөндеу, денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау, спорт және мәдениет үйірмелерін жан басына қаржыландыру, кәсіпкерлікті қолдау, қала аумағын көгалдандыру, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу сынды маңызды салаларға қаржы бағытталған.
Нәтижесінде келесі жылға арналған қала бюджеті 468 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Оның 22,4% – даму бюджеті, 77,6% – ағымдағы шығындарды құрайды. Қала бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланған.
Сессия жұмысы барысында қаланың бес жылдық даму бағдарламасының орындалуы тыңдалып, жоспарға толықтырулар енгізілді.
Келесі жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолайлы орта қалыптастыру, саябақтар мен скверлерді күтіп ұстау міндеттері бойынша жобалар мақұлданды.
Қала басшысы күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде сөз алып, депутаттар корпусына Шымкенттің әрі қарай өркендеуіне ықпал етер шешімдерге қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.
Баршаңызды келе жатқан еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық тұғырының нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Сіздердің мемлекетіміздің жарқын болашағы жолындағы атқарған еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін, -деді М.Әйтенов.
Жиын соңында қала әкімі мәслихат хатшысы бастаған депутаттар корпусын және түрлі салада жемісті еңбек еткен бірқатар азаматтарға «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мемлекеттік мерекелік медалін, Мемлекет басшысының «Алғыс хатын» және қала әкімінің «Құрмет граммотасын» табыстады.