Пара алды деп күдікке ілінген «Қазгидромет» РМК басшылары ұсталды
17 қаңтар күні «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды» делінген хабарламада.
Қазіргі кезде жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.