ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 52 501,2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 52 501,2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 28520,8 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 23923,9 млн. теңге көлемінде егін шарушылығының өнімі өндірілген. Жыл соңына дейін өнім көлемі 52 978 млн. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.
Аудан көлемінде биыл 88650 гектар жерді игеру жоспарланса, бүгінгі таңға 90328,5 гектар жерге егіс егілді. Бидай және арпа 44228,2 гектарға егілсе, одан 59084,3 тонна өнім жиналған. Сонымен қатар бақша өнімдерінен 1275,2 тонна, көкөністен 15000 тонна өнім алынған.
«Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша да біршама жұмыс бар. Жоба бойынша 11 ауыл округіндегі 150 шаруа қожалық 158,46 гектар жерге бірінші дақылдарын егіп, одан 2052,84 тонна, ал 2-айналымдағы дақылдардан 1524,79 тонна өнім алған. Жыл басынан бүгінгі таңға дейін жылыжай көлемі 11 гектарға ұлғайтылып, жалпы жылыжай көлемі 174 гектарды құрады. Сарапхана ауыл округінде «САУ-АС» ЖШС-і 4 гектар жылыжай кешенін іске қосып отыр. Сонымен қатар тамшылатып суғару әдісі 50,5 гектарға ендірілді. Қарқынды бау шаруашылығын дамытудың жылдық жоспары 20 гектар болса, қазіргі таңда 20,3 гектарға орындалған.
Мал шаруашылығы өнімдеріне келсек, жыл басынан бері 9 айда қазығұрттық еңбекшілер 22,7 мың тонна ет, 50 мың тонна сүт өндірген. Ауданда аналық ірі қара мал басын асылдандыру көлемі 41377 басқа жеткізіліп, жылдық жоспар 237,8 пайызға асыра орындалып отыр. Қызылқия ауыл округінен 1200 бастық мал бордақылау кешені іске қосылды.
Осы және өзге жетістіктер жуырда Қазығұрт ауданында өткен «Алтын күз» мерекесінде кеңінен сөз болды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев диқандар мен малшыларға құрмет көрсетіп, бұл саланы қолдау жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, 10 ай қортындысы бойынша Түркістан өңірінің диқандары 3,3 млн. тонна өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі