СУМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ БИЫЛ 98 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ
СУМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ БИЫЛ 98 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ
Шымкент халқын таза ауыз сумен қамту бойынша осы жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 3 магистралды суаққы және тасымалды 7 елді мекен мен жартылай қамтылған екі елді мекендегі 25,6 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылады. Олар, тасымалды суды пайдаланып отырған Тұран, Солтүстік саяжай, Ынытмақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас болса, ауыз сумен жартылай қамтылғандар Жаңаталап пен Сәуле елді мекендер.
Нәтижесінде, сумен қамту деңгейін 95,6%-дан 98%-ға жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі