ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ИНВЕСТОРДЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН ЖАҢА АУРУХАНА САЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ИНВЕСТОРДЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН ЖАҢА АУРУХАНА САЛЫНДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығы ашылды. Жеке кәсіпкер Шерзад Нишановтың демеушілігімен бой көтерген жаңа медициналық орталық 70 төсек — орынға лайықталған. Инвестиция көлемі 120 млн. теңге. Емдеу мекемесі физиотерапия, ішек жолдарын тазарту, неврологиялық және жүрек емдеуге қажетті замануи үлгідегі медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

«Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығының ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан облысына іссапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов арнайы қатысты. Көпұлтты Сайрам ауданында ашылған жаңа медицина-сауықтыру орталығында 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі Түркістан облысында қарқынды дамыған медицина саласының жетістіктеріне тоқталып, мемлкеттік — жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген медициналық мекемелердің саны артқанын атап өтті.

«Медицина саласына тартылған инвестиция көлемі күн санап артуда. Жекеменшік клиникалар Ордабасы ауданында, Кентауда, Шардара ауданында салынып жатыр. Медицина саласын дамытуға жан — жақты күш салынады»,- деді облыс әкімі.

М.Әзілханов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Ассамблея жұмысында үлкен өзгерістер болған жылмен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болып, оны басқару құқығын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру – этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет екеніне айрықша назар аударды.

«Түркістан облысында бірнеше кездесу өткіздік. Дәл қазір керемет медицина орталығын ашып жатырмыз. Халықтың жағдайын жақсарататын, көмек көрсететін осындай үлкен медицина орталығы ашылып жатыр екен. Құтты болсын. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жергілікті халықтың еңбекқорлығына ерекше тоқталды. Бұл жерде көптеген халықтар мекендейді. Байқағаным, барлығының мойнында бір жұмыс бар. Кәсіп бар. Үлгі боларлық іс»,- деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.
Облыста 11 этномәдени бірлестік (өзбек, славян, түрік, күрд, иран, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, әзербайжан, грек, «Ынтымақ» этносаралық этномәдени бірлестігі) бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *