ТҮРКІСТАН: СОТ ШЕШІМІМЕН 35 НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОТ ШЕШІМІМЕН 35 НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Жыл басынан мобильді топтар мен полиция басқармаларымен 821 тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған. Оның жартысынан көбі қоғамдық тамақтану орындарында өткізілген. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыс бойынша СЭБ басқармаларына 69 шұғыл хабарлама түскен. Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына карантин режимін бұзған 56 нысанның жұмысын тоқтату бойынша талап арыздар өткізілді.

Соттың шешімімен 35 қоғамдық орындардың қызметі уақытша тоқтатылған. Қалған 21 талап арыз бойынша материалдар сотта қаралуда. Соңғы бір апта аралығында МТ және ПБ басқармалары қызметкерлері тарапынан 178 баянат тіркеліп, 70 айыппұл (барлығы жеке тұлғаларға) салынды. Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында орналасқан жеке кәсіпкерлік нысандарында өткізілген 5 мерекелік іс-шара бойынша баянаттар рәсімделген. Арыс, Қазығұрт, Отырар, Келес аудандарында бірде бір баянат жолданбаған.

Түркістан облысында карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасуда. Жасақталған 131 мобильді топ жыл басынан бері 200 мыңнан астам нысанды аралап, аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан түскен баянаттары негізінде нысандар мен жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4 мыңнан астам хаттама толтырылды. 240 млн. тг. жуық айыппұл салынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *