15 адамды босаттық: CІМ басшысы Қытайдағы қазақтар туралы айтты
Cыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Қазақстанға көшіп келуге бел буған этникалық қазақтар оқиғасы жөнінде пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.
«Қазіргі таңда бізде Қытай аумағындағы 800 адам жөнінде ақпарат бар. Олардың барлығының Қазақстанда туыстары бар. Айта кетерлігі, этникалық қазақтар еліміздің азаматтары болып саналмайды» , — деді Абдрахманов.
«Олардың 15-ін босатып алдық» , — деп қоса кетті министр.
Қайрат Абдрахманов СІМ Қытай елшілігіне этникалық қазақтар жөнінде жіберілген дипломатиялық нота жайлы толықтыра кетті.
«Бұл әдеттегі мемлекетаралық келісім. Бұл жағдайда, ол Қытай елшілігіне біздің СІМ атынан жіберілді. Нота министрлікке жүгінген этникалық қазақтардың туыстары жолдаған хаттар негізінде жасалынды», — деді министр.
Оған қоса, Абдрахманов тізімдер дипломатиялық арналар бойынша да жіберіліп жатқанын жеткізді.
«Қытай тарабының сұрақтарды қарастыру жөнінде өз әдісі бар. Олар біріншіден өз СІМ-не болған жайтты жеткізіп, ары қарай орталық, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен қарастырса керек.
Барша Қазақстан азаматтары қай жерде, қандай жағдайға тап болмасын — олар үнемі өз отанының сенімді қорғауында болады. Біз оларға көмектесу үшін барымызды саламыз» , — деп қорытындылады Абдрахманов.