ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ПТР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ПТР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысында жалпы 987 726 адам ПТР тест тапсырып, тексеруден өтті. Соңғы тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыс бойынша 3 мыңдай инфекциялық және карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Онда 1 мыңға жуық науқас ем қабылдауда. Облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және мобильді топтардың жұмыстарының нәтижелері Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.


Күнделікті тіркеліп отырған науқастар бойынша Түркістан облысы төмен көрсеткіште. Ал, коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны бойынша алғашқы қатарда.
«Біз «жасыл аймақта тұрмыз». Ұйымдастыру жұмыстарымен, санитарлық тәртіппен, ары қарай жалғастырамыз бұл жұмысты. Вакцинация жасауға келсек, әлемде миллиондаған адам вакцинадан өтті. Енді, әбден көзіміз жететін уақыт келді»,-деді облыс әкімі.


Бүгін Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан қосымша 50 000 доза көлемінде QazVac отандық вакцина жеткізілді. Жалпы вакцинация басталғалы 900 мыңға жуық доза келіп жеткен. Айта кетейік, 770 мың адам вакцинаның бірінші құрамын салдырса, екінші компонентін 630 мыңға жуық адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.


Облыс аумағында карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері облыс бойынша жасақталған 131 мобильді топтармен 200 мыңнан астам нысан араланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *