«Талибан» АҚШ-тың ауған одақтастарына күш көрсетуді бастады

«Талибан» АҚШ-тың ауған одақтастарына күш көрсетуді бастады — БАҚ

Фото: ©REUTERS
Фото: ©REUTERS
«Талибан» содырлары (Қазақстанда Жоғарғы сот шешімі бойынша тыйым салынған) АҚШ әскері елден кеткеннен кейін Кабулда қалған АҚШ одақтастарына күш көрсете бастады. Бұл туралы Fox News Ауғанстандағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымға бұрын америкалықтармен жұмыс істеген ауған дыбыстық жазба жіберген. Онда алыста атыс болып жатқаны естіледі.

«Менің ойымша, «Талибан» қозғалысы ішінде қақтығыс болып жатыр. Мен қазір қайда тұрғанымды да білмеймін. Барлық жерден атыс дыбысы естіледі. Қалай кетерімді білмеймін», — дейді ол.

Gazeta.ru мәліметінше, бұған дейін АҚШ билігі «Талибан» қозғалысына АҚШ-пен ынтымақтастық жасайтын немесе грин-карта иегерлері тізімін бергені, олардың елден кетуіне кедергі болмайтыны және Кабул әуежайына кіруге мүмкіндік беретіні хабарланған.

АҚШ заң шығарушылары мен әскери шенеуніктердің бәрі бұл шешімді мақұлдамады. Қорғаныс министрлігіндегі қызметкерлердің бірінің айтуынша, АҚШ «тізімдегі ауғанның бәрін өлім жазасына кескенмен бірдей әрекет жасады».

АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында мұндай тізім шынымен бар-жоғын білмейтінін айтты.

Бұған дейін «Талибан» Еуропада пана ұсынудан бас тартқан кез келген ауған босқынын қабылдайтынын, кейін олар сот алдында жауап беретінін мәлімдеген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *