Қазақ телевизиясының ардагері Қалыбек Атжан өмірден өтті

Қазақ телевизиясының ардагері Қалыбек Атжан өмірден өтті

Қалыбек Атжан
Қалыбек Атжан
Телевизия ардагері, белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин естіртті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Қалеке — қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат.

Оның әрбір сюжетінен ұлттық рух пен туған елге деген жанашырлық байқалып тұратын. Қалекең бірде «Бізге керегі — халықтың арасында көбірек жүру» деген еді. Ол осы ұстанымынан айныған жоқ. Елмен етене болып, қашанда халқының сөзін сөйледі. Қалыбек ағаның жарқын бейнесі мен жасаған еңбегі әрдайым жадымызда сақталады.

Қош болыңыз, қазақ телевизиясының Қара нары! Рухыңыз пейіште шалқысын!», — деп жазды Қарин Facebook-те.

Қалыбек Атжан 1954 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. Қалыбек Атжан тележурналист, БАҚ саласының топ-менеджері.

Ол Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған (1978). Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде тілшіліктен бастап (1978-1980), Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (19801984), Қазақ радиосы және «Хабар» агенттігінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі (1984-2002), «Қазақстан» РТРК АҚ («Қазақстан-Шымкент» филалының) директоры (2002-2008), 2008 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақстан-Тараз» филалының директоры болған.

Қалыбек Атжан «КСРО телевидение және радио ісінің үздігі», Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, ҚР-ның мәдениет қайраткері, КР ТРК АҚ-ның «Алтын жаршы» белгісінің иегері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *