ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысының «Құрметті азаматы», халық қалаулысы Шәріпбек Жамалбек енді Түркістан облыстық қоғамдық кеңес төрағасы қызметін атқаратын болды.
Кеңестің кезекті отырысында бұған дейін төраға болған Өмірзақ Мелдехановқа құрмет көрсетіліп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне қосқан еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Қоғамдық кеңестің атқарар ісі ауқымды. Қалың көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, ел мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы органдарға жеткізуде қоғамдық кеңестің атқарар рөлі зор.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі