ТҮРКІСТАН. 41 ЖАСТАҒЫ АНА МЕН ОНЫҢ ТӨРТ БАЛАСЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
ТҮРКІСТАН. 41 ЖАСТАҒЫ АНА МЕН ОНЫҢ ТӨРТ БАЛАСЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Түркістандағы 5 адамның өліміне себеп болған қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды Оқыс оқиғаның мән-жайын арнайы құрылған комиссия жан-жақты зерделеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша 41 жасар тұрғынның 4 баласымен бақилық болуына газды дұрыс қолданбау себеп болған болуы мүмкін. Өйткені, отбасы көпшілік «Камин» деп атап кеткен жылыту пешін қолданған
Негізінде қайғылы оқиға 26- ақпан күні кешке орын алған. Өйткені, базарда сауда істейтін келіншек сол күні жұмыстан қайтып ертеңіне шықпапты. Содан қасындағы саудагерлер телефонына қоңырау шалғанымен түсе алмаған. Кейін көршісіне хабар беріпті. Содан кейін осында келген Кенжебай есіктің жабық болғанын айтады. Сөйтіп, үйдің ішін көру үшін терезеге үңілгенде іштегілердің құлап жатқанын байқаған. «Терезесін аштық, әйел есіктің аузына құлаған. 102 мен 103-ке звондадым. Солар келіп ашып кіргенде әйел тазикке құсып, сол жерде қалып кеткен. Екі үлкені сол жерде жатыр. Кішкентай қызы арғы бөлмеде, кішкентай баласы бергі бөлмеде жатыр. Ешқандай иіс білінген жоқ.» дейді көршісі Кенжебай Мақұлбеков
Осыдан кейін қара жамылған отбасына бірден облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының өзі арнайы барып ағайын туысына көңіл айтты. Сөйтіп оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін арнайы комиссия құруды міндеттеді. Сонымен қатар, 5 бірдей адамы қаза болған шаңыраққа әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қайғылы жағдай болған кезде отағасы денсаулығына байланысты Шымкент қаласында ем қабылдап жатқан. Үйінде келіншегі мен 4 баласы болған. Өкінішке орай ешбірі аман қалмапты. Газ тарту мекмесіндегілердің айтуынша отбасы табиғи газды 3 ай алдын ғана кіргізген. Сондықтан, үйді «Камин» пеші арқылы жылытып отырған екен. Тіпті, тиісті талаптарды да орындап үлгермепті.
«Құжатпен сәйкес келмейді. Техникалық шарт алған кезде біз дабыл қаққыш болу керектігін, қазандықтың қай жерде орналасу керектігін, тамақ шіетін бөлмеден бөлек. Жасанды ауа алмастыратын каналы болу керек, терезесі болу керек деген барлық кеңестер берілген болатын. Бірақ олар бұзылып, бізге алдына ала көрсеткен құжатпен сәйкес келмейді, дейді «КазТрансГазАймақ» АҚ ТО өндірістік филиалының директорыШалқар Омарбеков
Қазір неліктен олай болғаны зерделеніп жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжам бойынша, 5 адам өліміне пештен шыққан улы газ себеп болуы мүмкін делінуде. Қазіргі таңда алғашқы болжам бойынша иісті газдан уланып қайыс болды деген болжам бар. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша хабар беріледі.»дейді Түркістан облыстық ТЖД бастығы, Нұрғали Жүнісов
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама да тағайындалған. Ал, жаппай жұрттың қабырғасын қайыстырған оқиға құрбандарының денесі кеше жер қойнына табысталды.