Қосымша лицензия бөлінді – Олимпиадаға тағы бір қазақстандық спортшы барады

Азия чемпионы Виталий Худяковтың лицензиясы Олимпиаданың ашылу салтанаты алдында рәсімделді

Қазақстандық жүзуші Виталий Худяков Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Худяков 2019 жылы ашық суда жүзуден Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Осы жетістіктің өзі Олимпиадаға баруға мүмкіндік береді. Алайда қазақстандық жүзушінің лицензиясы тура Олимпиаданың ашылу салтанаты алдында рәсімделді. Оған қосымша жолдама бөлінді. Енді Худяков Жапония астанасына аттанады.

«Қазақстандық жүзуші 28 шілдеде олимпиадалық команданың екінші бөлігімен бірге Токиоға барады», — делінген қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Виталий Худяков қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубында жаттығады. Өткен жылы ол бірінші болып Ыстық көлді жүзіп өтті. Қазақстандық спортшы 56 шақырымды 13 сағат 18 минутты еңсерді.

Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасына жүзуден екі спортшы аттанған болатын. Олар – Дмитрий Баландин мен Диана Назарова. 24 шілде күні Баландин 100 метр қашықтыққа брасспен жүзу жарысына қатысты. Бірақ жартылай финалға шыға алмады.

https://sputnik.kz/sport/20210726/17680611/litsenziyaOlimpiada-sportshy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *