ТҮРКІСТАН МЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
ТҮРКІСТАН МЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысынан Маңғыстау облысының шаруаларына көмек көрсету мақсатында Түркістан облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облыстық мәслихаттары арасында өзара ынтымақтастықты дамыту меморандумына қол қойылды. Оның аясында екі жақ бірлескен жұмыстар атқарып, Түркістан өңірі жыл соңына дейін мал азығымен қамтамасыз етуге көмек көрсетуін жалғастырады.
Кездесу барысында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Нури Тумышев бастаған депутаттар өңір тұрғындарының атынан Түркістан облысының басшылығы мен халқыға, сын сағатта көмек қолын созған барша азаматтарға алғыс білдірді.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық мәслихаттың депутаттары және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Жамалбек қиын кезеңде халыққа демеу болған барша азаматтарға алғысын айтып, Маңғыстау облысына Түркістан облыстық мәслихатының, барлық аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары да гуманитарлық қолдау көрсететіндігін айтты.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов биылғы қуаңшылық кезінде Түркістан облысының әкімдігі, облыс халқы, кәсіпкерлер, белсенді жастар бірлесіп, Маңғыстаулық шаруаларға осы күнге дейін облыстан 67 вагон (1620 тонна) шөп жөнелтілгендігін, сондай-ақ, бүгінгі күнге 8 вагонға (240 тонна) шөптер артылып, жолданатындығын айтып, Түркістан облысының жұртышылығы
Маңғыстаулық ағайындарға әрі қарай көмек көрсететіндігін жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары, соңғы 3 жылда облыста орын алған түрлі төтенше жағдайларда, «2019 жылы Арыс қаласындағы әскери базадан шыққан жарылыс салдарын зақымданған 279 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізіп, жаңадан 4 үйді соғып тұрғындарға тапсырғандығын, сондай-ақ, 2020 жылы «Сардоба» су қоймасының жарылу салдарынан зақымданған Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмектер көрсете білгендігін сөз етті. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен Түркістан қаласын облыс орталығын жасауда Маңғыстау облысы «Амфитеатр» мәдени нысанын сыйға тартқандығын» атап өтіп көмек қолын созған маңғыстаулықтарға алғысын білдірді.
Осыған қоса, қажеттілік болған жағдайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы және Түркістан облысы әкімдігі, демеушілер есебінен қосымша 100 вагон бөлуге жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__