ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

slider

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жалпы аумағы 15 гектарды құрайтын «Шұбарсу» жылыжай аймағы ашылды. Жылыжай аймағынан жер телімін алып, кәсібін жүргізуге 63 азамат өтінім білдірген. Шаруаларға мемлекет тарапынан 15 соттықтан жер телімі берілуде.  Олардың ішінде 29 азамат несие алу арқылы жұмысын бастамақ.

Несие алушы азаматтарға  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, Кәсіпкерлік бөлімі, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасы Ордабасы аудандық филиалы мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары несие алу бойынша кеңес беріп, қолдау жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру тетігі де көзделген. Мемлекеттік грант алуға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған  жұмыссыз адамдар  өтінім бере алады.

Ордабасы ауданында былтырғы жылы 20 гектар жылыжай іске қосылған болса, биылғы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш тағы 10,2 гектарға ұлғайды. Қазіргі таңда аудандағы жылыжайлар көлемі 77,07 гектарды құрады. Оның ішінде, 21 гектары – өндірістік, қалған 56,07 гектары фермерлік жылыжайлар.  Өнім көлемі 3 340 тоннаны құрады. Бұл өнімдер тек аудан тұрғындарына ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізілуде. Жергілікті диқандар Ресейге де 249 тонна көкөністі экспорттаған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *