«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен, «Тұран» шағын ауданы құрылыс жұмыстары бойынша, мердігер мекемелердің басшыларымен кезекті жиын өтті.

Жиында абаттандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру, инженерлік-инфрақұрылм мәселері талқыланды.

Қала басшысы ең алдымен тұрғындардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін абаттандыру жұмыстарының маңыздылығын атап, әрбір салынып жатқан жаңа шағынаудандардың инфрақұрылымы мен келбеті заман талаптарына сай болуы керектігін айтты.

Құрылыс компанияларының өкілдері құрылыс барысында жиі кездесетін кемшіліктерді, жобалау кезден бастап алдын алу мақсатында, құрамында осы салаға қатысты мекемелер мен мердігер мекеме өкілдері болатын арнайы техникалық кеңес құруды ұсынды. Қала басшысы бұл ұсынысты қолдады.

Бұдан бөлек, шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің және магистралдық газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап, жұмыстың сапасын бақылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *