Шымкентте дауыл тұрып, сегіз көпқабатты үйдің шатыры қирады
Шымкентте дауыл тұрып, сегіз көпқабатты үйдің шатыры қирады
«Салдарынан Абай ауданында бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданында бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданында төрт бес қабатты үйдің, Қаратау ауданында бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып түсті», — деп хабарлайды Шымкент ТЖД өкілдері.
Сонымен қатар, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке үйде шатыр бұзылды.
Сондай-ақ, ағаштардың құлауынан және үйлердің шатырының қирауынан сегіз автомобиль зардап шеккені белгілі.
Желдің екпіні сағат 18.25-тен 18.36-ға дейін секундына 15-тен 28 метрге дейін болды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД мәліметінше, қазір жағдай тұрақты.
Бұған дейін Шымкентте дауыл 1 маусымда болған. Сол кезде қала бойынша үш коммерциялық нысанның, бес көпқабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры бұзылып, олар көліктерге, ғимараттарға құлаған.