Елдің үш өңірінде вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды
Елдің үш өңірінде вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды
«Жағдай вакцинация паспорттарын қолдан жасауға дейін барды. Кеше ғана еліміздің үш өңірінде оларды сатумен айналысатын медицина қызметкерлері ұсталды. Олар вакцина алмаған адамдарға құжат жасаған», — деп мәлімдеді Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.
Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұстау операциясы Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген.
«Осы жалған вакцинация паспортын алған адамдар біздің қасымызда, ғимаратта, көлікте бізбен жүруі мүмкін. Бұл жерде жемқорлық қана емес, сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіру де бар», — деді Ахметжанов.
Бұған дейін ІІМ өкілдері алғашқы жарты жыл ішінде ішкі істер органдарының өндірісінде вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс болған. Алматыда екі жағдай, Алматы және Ақмола облыстарында бір-бірден анықталған. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.