Шаруаларға дизель отыны неше теңгеге сатылады – Энергетика министрлігі

Шаруаларға дизель отыны неше теңгеге сатылады – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаруаларға дизель отыны неше теңгеге сатылады – Энергетика министрлігі

«2020 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, «2020 жылғы дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-ге бекіту кестесін» әзірледі. Оның шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қажеттілік 395 мың тонна көлемінде бекітілді. Биылғы 21 тамыздағы жағдайы бойынша 26,9% орындалды», — деді Н. Ноғаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, жоспарланған 395 мың тоннаның 106,2 мың тоннасы тиеп-жөнелтілді. Шілдеде жоспарланған 74,6 мың тоннаның 69,2 мың тоннасы, ал тамызда – жоспарланған 142,7 мың тоннаның 37 мың тоннасы тиеп-жөнелтілді. Бекітілген кесте бойынша қыркүйек айында 140,8 мың тонна, қазан айында – 36,8 мың тонна тиеп-жөнелту жоспарланған. Тиеп-жөнелту төлемге сәйкес жүргізілуде. «2020 жылдың күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының ұсынылатын бағасы қосымша құн салығын қоса алғанда зауытта тоннасына 178 000 теңгені құрайды немесе литріне 147 теңге. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін болжамды бағасы МӨЗ-ден қашықтығына байланысты литріне 155-169 теңге болуы мүмкін. Жанармай құю станциясының бағасы – литріне 178-ден 193 теңгеге дейін», — дейді ведомство басшысы.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін дизель отынына арзандатылған бағаны заңды түрде бекіту министрліктің құзырына кірмейтінін атап өту қажет.

«Ауыл шаруашылығы қажеті үшін дизель отынының арзандатылған құны жанар-жағармай нарығының қатысушыларымен келісім бойынша анықталады. Әрі оны мұнай өнімдерінің ресурс иелері өз еркімен белгілейді. Министрлік күзгі дала жұмыстарын талапқа сай өткізу үшін жан-жақты шараларды қабылдауда», — деді Нұрлан Ноғаев.

https://www.inform.kz/kz/sharualarga-dizel-otyny-neshe-tengege-satylady-energetika-ministrligi_a3686997

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *