Асқар Мамин вакцина салдырды

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Асқар Маминнің вакцинаны 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін салдырғаны хабарланды.

«Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды. Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қазірге дейін Қазақстанда 2,8 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентін салдырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *