2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАРИХИ — МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШ ОРНАЛАСҚАН ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ 3 БАҒЫТТА ДАМУДА
2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАРИХИ — МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШ ОРНАЛАСҚАН ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ 3 БАҒЫТТА ДАМУДА
Журналистердің сұрағына берген жауабында облыс әкімі Түркістан қаласын әлемдік стандартқа сай дамыту бағы¬тын¬да атқарылып жатқан жұмыс¬тар¬ға тоқталды.
Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Облыс аумағында 1 663 тарих және мәдениет ескерткіштер орналасқан. Өңірде туризм саласы 3 бағытта қарқынды дамуда. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытындағы терихи-танымдық туризм, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі және Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм.
Жалпы өткен жылы облыс аумағында орналастыру орындарының құрылысы бойынша 15,6 млрд.теңгеге 10 туристік инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 500-дей жаңа жұмыс орындары ашылды. Түркістан қаласында тәуелсіз Қазақстан тарихында елімізде алғаш рет әуежай құрылысы жүргізілді. «Hazret Sultan» әуежайында Алматы-Түркестан, Нұрсұлтан-Түркістан, Атырау-Түркістан, Бішкек-Түркістан екі бағытта әуе рейстері орындалуда.
Қазақстандағы туристік сала кадрларының қажеттілігін және туризмде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Түркістан халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылды, онда білім алушылар халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл өз кезегінде әлемнің кез келген нүктесінде кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының тарихи орталығының аумағында жеке инвестициялар есебінен «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені іске қосылды. 300-ден астам жұмыс орны ашылып, жоба өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі