ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛДЫ

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов спорттық іс-шараның ашылуына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Алина Әділханованы құттықтады.

Алина Әділханова лицензиялық Азия чемпионатында шеберлігімен көзге түскен болатын. Алина – көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы. Ол лицензиялық құрлық чемпионатында көпсайыс бойынша жеңімпаз атанды.

Әділханованың жеке жаттықтырушысы – көркем гимнастикадан Шымкент қаласының № 9 спорт мектебінің директоры, көркем гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупова.



Шымкентте бастау алған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар бақ сынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *