Шымкенттік тұрғын «ОLХ» интернет желісі арқылы балмұздақ жасайтын апаратты сатамын деп, алаяқтарға алданды
Шымкенттік тұрғын «ОLХ» интернет желісі арқылы балмұздақ жасайтын апаратты сатамын деп, алаяқтарға алданды
2021 жылдың 12-маусымында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда ол ұялы телефонының «WhatsApp» желісі арқылы, белгісіз тұлғамен танысып, «ОЛХ» желісінде тұрған балмұздақ жасайтын апаратты 120.000 теңгеге келісіп, 80.000 теңге қаржысын есеп шотына салып жіберіп, алданып қалғанын жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ КПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі