ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРҒАН 58 ЖАҒДАЙ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРҒАН 58 ЖАҒДАЙ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 58 жағдай тіркелді (30 симптоммен, 29 симптомсыз). 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 160 науқас емделіп шықты.

Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Атап айтсақ, («Инфекциялық орталықта» — 490 төсек орын, «Атамекен» клиникасында — 450 төсек орын, «Орынбаев гипербариялық оттегі орталығында» — 70 төсек орын, 14 емдеу орталығында — 250 төсек орын, қалалық перинаталдық орталықта — 30 төсек орын, №2 оңалту орталығында — 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасында — 10, Шымкент «Жүрек орталығында» — 6). Оның ішінде 865 төсек орны бос. Ал 411 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда (КВИ-173, пневмония-231, ЖРВИ-7), жансақтау бөлімінде — 23 (4 — ИВЛ, 22 — НИВЛ).

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *