Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар болып тағайындалды

Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар болып тағайындалды

Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері лауазымына тағайындалды.

Бұл жөнінде Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат

. Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі,

Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

https://www.inform.kz/kz/erlan-kiyasov-densaulyk-saktau-vice-ministri-bas-memlekettik-sanitar-bolyp-tagayyndaldy_a3695419

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *