Түркістан облысында «Ashyq» бағдарламасы арқылы оқшаудағы 14 азамат анықталды

Түркістан облысында «Ashyq» бағдарламасы арқылы оқшаудағы 14 азамат анықталды

Түркістан облысында 20-мамыр мен 2-маусым аралығында оқшаулау режимін бұзған 14 жағдай тіркелді. «Ashyq» ақпараттық платформасының арқасында он бір азаматтың коронавируспен ауырған науқастармен байланыста болғандығы, үш адамда қызыл түс белгісі жанып, сovid-19 инфекциясымен ауырғандығы анықталған. ​​​​​Оқшаулау режимінде екендігін біле тұра қоғамдық орындарды емін-еркін аралауға бел буған азаматтардың нысанға кіруіне жол берілмеді.

 

​​ Өзінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да денсаулығына қауіп төндіру жағдайының алдын-алу, азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №26 Қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10- маусымынан бастап күшіне енетін ереже бойынша, оқшаулау режимін бұзып, «қызыл белгі» анықталған азаматтарға ӘҚБтК-нің 802-бап, 30 АЕК немесе 87500 теңге айыппұл салынатындығын ескертеміз. ​​​​​​​​​​​Облыстың санитариялық дәрігерлері карантин талаптарын сақтауға, оқшаулау режимін бұзбауға шақырады. Қосып өтейік, қазіргі таңда өңірде 350 нысан «Ashyq» бағдарламасын енгізіп, тағы 456 нысаннан сұраныс келіп түскен
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *