ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ДАУЫС БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ДАУЫС БЕРДІ

slider

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Түркістан облысында таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесінде дауыс берді. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында облыс басшысы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.
«Бүгінгі күн еліміз үшін өте маңызды. Еліміздің болашағын қалыптастыратын үлкен саяси іс-шара өтуде. Бұл сайлау өте ерекше сайлау. Өйткені партиялық тізіммен сайлау өтіп жатыр, өте ашық, бәсекелестік түрде өткізілуде. Сондықтан Түркістан облысының тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқықтарын пайдаланып, келіп белсенді түрде дауыс беруге шақырамын. Бұл сайлау біздің еліміздің келешек жылдардағы болашағын айқындайтын үлкен іс-шара. Сондықтан белсенді қатысу әр азамаматтың міндеті деп ойлаймын», – деді облыс әкімі.
Мәдениет үйінде орналасқан №133 сайлау учаскесінде 2008 дауыс беруші теркелген. Сайлау учаскесінде Өзбекстан республикасынан арнайы келген бір топ халықаралық бақылаушы қатысты. Сайлау барысына 7 бақылаушы қатысуда. Учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған және кіреберісте дене қызуы өлшеніп, тегін бетперде мен қолғаптар таратылады.
Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында сайлаушыларға барлық жағдайлар жасалған 911 учаске жұмыс істеп тұр. Таңнан бері тұрғындар белсенді дауыс беруде, облыста барлығы 1 160 138 сайлаушы бар.
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыста 17 аумақтық сайлау комиссиясының 119 комиссия мүшесі мен 911 учаскелік сайлау комиссияларының 6193 комиссия мүшелері бар. Комиссия мүшелерінің барлығы каскадтық әдіспен толық оқытылып, тестілеуден өткізілді.
Саяси партиялардан тіркелген сенім білдірілген адамдарының саны 4259 болды. Дауыс беру құқығын беретін 11600 есептен шығару куәлігі 911 сайлау учаскелеріне таратылып берілген.
Түркістан облысына 320 депутаттық мандат берілген. Оның ішінде облыстық мәслихатқа – 45, қалалық мәслихатқа – 47, Түркістан – 16, Арыс – 13, Кентау – 18 және аудандық мәслихатқа – 228.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *