Түркістан облысында 14 жастағы оқушы жоғалып кетті
Түркістан облысында 14 жастағы оқушы жоғалып кетті
Фото: Түркістан облысы ПД
Түркістан облысы Жетісай ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы Таған Әсия із-түзсіз жоғалып кетті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасы және Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасөспірім 4 маусымда түскі астан кейін үйінен шығып, оралмаған. Қыздың ата-анасы полицияға өтініш берген. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастаған, бірақ әлі нәтиже жоқ.
«Өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарынан жоғалып кеткен қызыды табуға көмектесуді сұраймыз», — деді Түркістан облысы ПД өкілі. Мектеп оқушысы сол күні ақ жейде, қара шалбар және қара түсті аяқ киім киіп шыққан. Samsung Galaxy J2 маркалы телефоны болған.
Жасөспірім туралы ақпарат білетіндер болса 8 (72534) 6-70-20 немесе 102 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.