Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысын басқаратын болды
Елбасы Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Осыған дейін, Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрі және Премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарған.
Оның орнына бұрынғы Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.