Шымкентте әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығы бағаланды

Шымкентте әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығы бағаланды

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің барлық санаттарымен жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру мәселелерін пысықтау бойынша тактикалық-саптық сабақтар аяқталды.

Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде әскери қызметшілер іс жүзінде кезекшілердің іс-қимылдарын, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыруды пысықтады. Сабақтар барысында әскери объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.


Бұдан бөлек, әскери бөлімдер мен мекемелерде басқару пункттері ашылды, жедел құрамның жұмысы ұйымдастырылды, олармен бөлек және бірлескен штабтық жаттығулар өткізілді.


— Тактикалық-саптық сабақтар «қарапайымнан күрделіге» қағидасы бойынша өткізіледі. Осындай сабақтар кезінде барлық дәрежедегі командирлер жеке құрамның дайындығын, сеніп тапсырылған бөлімшелердің іс — қимылдарының үйлесімділігін және нақты алгоритмінің сақталуын бағалай алады, — деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригада командирі подполковник Нүркен Қарағұлов.


Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша сабақтар әскери қызметшілердің нақты мүмкіндіктерін, бөлімдер мен бөлімшелердің барынша қысқа мерзімде жан-жақты даярлықты жүзеге асыру, қойылған міндеттерді орындау қабілетін тексеруге мүмкіндік береді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *