COVID-19: ШЫМКЕНТ +82

COVID-19: ШЫМКЕНТ +82

Шымкент қаласында 12 мамырда КВИ-дің 82 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 60, белгілері жоқ — 22). 36 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауында. 2 368 адамнан ПТР сынамасы алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды.

Соңғы бір тәулік ішінде қалада 5 036 адам вакцина алды
(I компонент-2 646, II компонент- 2 390). Егу науқаны басталғалы барлығы 154 892 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 61 157 адам вакцинаның екі компонентін қабылдады.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 432 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін бұзған 8 нысанға әкімшілік хаттама толтырды.

Құрметті шымкенттіктер! Қоғамның амандығы Сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Сондықтан, ғылыммен дәлелденген вакцинаны қабылдап, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *