ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300-ГЕ ЖУЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300-ГЕ ЖУЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкентте жыл басынан бері 283 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту іс-шараларына қатыстыру жоспарлануда.
Жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Абылайхан Әбдіқадіров. 23 жастағы азаматтың денсаулығында туа бітті ақауы бар. Алайда қиындыққа мойымай, еңбектенгісі келеді. Қазіргі таңда «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығында қоғамдық ақылы жұмыс бағдарламасы бойынша қызмет атқарады.
– Мамандығым заңгер. Алғам білімім мен тәжірибеммен қоғамға пайдамды тигізіп, жұмыс істегім келеді. Өмірде адал қызмет ету – басты мақсатым. Жұмыс істеймін деген адамға барлық мүмкіндік бар, – дейді Абылайхан Әбдіқадіров.
Айта кетсек, Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кез келген азаматтың жұмыспен қамту іс-шараларына қатысуға мүмкіндігі бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі