Елбасы Владимир Путинге көңіл айтты

 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге жеделхат жолдады. Ол Татарстан астанасы Қазан қаласында мектепке жасалған шабуыл кезінде балалар мен ересектердің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Sputnik.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

«Қазан қаласындағы №175 мектепте болған қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Айта кетейік, бүгін Қазанда екі адам Джаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте оқ жаудырды. Салдарынан 11 адам қаза тапты.

Күдіктінің біреуі қолға түсті. Ал екіншісін арнайы операция кезінде атып тастады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Қазан қаласында контртеррористік операция режимі енгізілді. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.

https://sputnik.kz/society/20210511/17017235/Elbasy-Vladimir-Putin.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *