Елімізде қазақы төбеттер полиция қызметіне пайдаланыла бастады
Елімізде қазақы төбеттер полиция қызметіне пайдаланыла бастады
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығына қазақы төбеттердің күшіктері әкелініп, жаттықтырылып жатыр.
Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлады zakon.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады.
— Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр, – деді Нұрділдә Ораз.
Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.