ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ 100 ПАЙЫЗҒА ЖАСАҚТАЛДЫ

2018 жылы Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2017 жылғы 12 айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 4,3 пайызға төмендеді. Ал, ана өлімінің көрсеткіші 35,9 пайызға азайған. Көрсеткіш бойынша ана өлімі республикада 10 орында. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оның сөзінше, денсаулық саласын ақпараттандыру бойынша қала аудан орталықтарындағы медициналық мекемелер 100 пайыз интернетпен қамтылған. Ал, ауылдық округтерді 2021 жылға қарай 100 пайызға дейін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 «2018 жылы облыстық бюджет есебінен 5728 компьютер сатып алынды. Бүгінгі күнге 5728 компьютер жеткізіліп, қамтамасыз ету көрсеткіші 64 пайыздан 100 пайызға жеткізілді. Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша 1 909744, яғни 100 пайыз электрондық денсаулық паспорттары жасақталды. 19 220 медицина қызметкер медициналық ақпараттық жүйеге оқытылды. Қазіргі таңда 441 717 адам мобильдік қосымшамен пайдаланады. Нәтижесінде электронды жүйенің көмегімен 2 001533 азамат дәрігердің қабылдауында болған, 1 783 401 адам басқа да медициналық көмектерге жүгінген, 64 258 пациентке еңбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада берілген. Одан бөлек, аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посттары ашылып, осы посттарда 558 624 адам оқытылды», – деді басқарма басшысы.

2018 жылы медициналық ұйымдардың материалдық — техникалық жабдықталуына 8,1 млрд. теңге бөлініп, 65,75 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып отыр.

Стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылды. Жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Барлық машиналар GPS навигациямен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан қаласынан Түркістан қалалық емхана, 610 төсек орынға арналған облыстық көпсалалы аурухана, облыстық туберкулезге қарсы және онкологиялық орталық салу және облыстық жедел жәрдем стансысын жаңғырту және пайдалану жобалары жоспарланған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *