ҚАЛА ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРІ АБЫЛАЙ ҚАЗБАЕВТЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРІ АБЫЛАЙ ҚАЗБАЕВТЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛДЫ

Абай ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Абылай Қазбаев — 96 жаста. Қазіргі таңда 1 ұл, 4 немере, 4 шөбере тәрбиелеп отыр.
Қала әкімі отан үшін от кешкен майдангерді Ұлы жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтады.

Ардагер 1925 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. Отан қорғауға 1943 жылдың басында аттанады. Ташкентте дайындықтан өткен соң, 4-ші Украин, 3-ші Беларус майдандарында болып, Латвия, Литваны азат етуге қатысқан.

Абылай Қазбаев зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі. 1945 жылы 1 мамырда Кинизбург қаласын азат етуші жауынгерлер сапында болған ол елге 1950 жылдың сәуір айында оралды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *