КЕНТАУ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР
КЕНТАУ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР
Кентау қаласындағы биыл 50 шақырымды құрайтын 50-ден астам көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Кентау қаласының ішкі жолдары жыл соңына дейін 26 шақырымнан астам жол жөнделіп, жалпы жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы – 75,6%-ға жетеді. 2022 жылы қалған 43 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100 %-ға жететін болады.
Қазіргі таңда шаһардағы 11 көшесінің қиылыстарына заманауи бағдаршамдар орнату жұмыстары басталды. Айта кетейік, Кентау қаласында 2020-2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қаладағы барлығы 258 көшенің жалпы ұзындығы 173,5 шақырымды құрайды. Өткен жылы 13,2 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі