Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды
Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді.
«Қазақстан халқы мен мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізді ескерсек, бұл мәртебе сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшесі осы ұсынысты қолдайтынына сенімдімін», — деді Тоқаев ҚХА сессиясы барысында.
Назарбаев ұсынысты қабыл алды.
«Жаңа міндеттерді қабылдай отырып, мен Ассамблеямен бірге жұмыс істеуді жалғастырамын. ҚХА мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдайды, бәріміз бірге алға жылжимыз», — деді ол.
Бүгін Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/politics/20210428/16916071/Toqaev-Nazarbaev-zhana-qyzmet.html