Қазақстанда коронавирустан үшінші адам жазылып шықты

Қазақстанда коронавирустан үшінші адам жазылып шықты

Бүгін, 27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл пациент, Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам.

«Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған.

Ертең, бақылау талдауы расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.

25 наурызда Алматыда коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. «Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады», — деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-koronavirustan-ushnsh-adam-jazyilyip-shyiktyi-306681/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *