ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7122 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7122 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. Өткен тәулікте 588 (577 кәсіпкерлік нысан, 11 жеке нысан) нысанға тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып отыр.

27 сәуір күнді шаһарда КВИ-дің 90 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 69, белгілері жоқ — 21). 69 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 21 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 561 науқас емделуде (КВИ-285, пневмония- 266, ЖРВИ- 10), жансақтау бөлімінде – 19 адам. Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 366 374.

Сондай-ақ, өткен тәулікте қалада 7 122 адамға вакцина салынды: I компонент – 5 918, II компонент – 1 204 адам. Егу науқаны басталғалы барлығы 89 957 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 10 312 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша бүгінде «сары аймақта» орналасқан. Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *