Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті

Сәрсенбі, 10 Маусым 2020, 22:09:07

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар екі тарап коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

https://primeminister.kz/kz/news/kazakstan-premer-ministri-a-mamin-kyrgyzstan-premer-ministri-m-abylgazievpen-telefon-arkyly-soylesti-1051120

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *