Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтамай 60 жылдық мерейтойын жасаған тұрғынды анықтады

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтамай 60 жылдық мерейтойын жасаған тұрғынды анықтады

slider
Жалпы жыл басынан бері Ордабасы АПБ қызметкерлері мобильдік топпен бірлесе қызмет атқару барысында, аудан көлемінде карантин режимінің талаптарын сақтамау бойынша 128 дәйек анықталған. Оның ішінде 51-і той-жиын жасағандар, 7-еуі көкпар ойыны болса, 70 жайт медициналық бетпердесіз жүрген тұрғындар.
Осы тұста мысал келтіре кетсек, полиция қызметкерлерінің кезекті рейд жүргізу барысында, Ордабасы ауданы Төрткүл елді мекенінің көшелерінің бірінде, жергілікті тұрғынның үйінің ауласында той өткізіп жатқандығы анықталған. Аталған жиынға 50-ден астам адам жиналып, жұбайының 60 жасқа толуын тойлаған. Ордабасы АПБ ЖПҚ УПИ қызметкерлері тойға жиналған адамдарды дер кезінде тарқатты. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Ордабасы аудандық сотына жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанған жөн.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *