ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КҮНДЕЛІКТІ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ДАМИДЫ

slider
Қаладағы теннис орталықтары, веложолдар, футбол алаңдары және басқа да спортпен шұғылдануға арналған орындардың бос тұрғанын алға тартқан Рашид Абатұлы бұқаралық спортты дамыту бойынша «Спортты дамыту бөліміне» тапсырма берді. Осы мақсатта, күнделікті іс-шара жоспары түзілді. Қатысуға ниетті азаматтар болса, төменде көрсетілген нысандар аумағында велосипед тебуге қатыса алады. Өзіңіздің жеке велосипедіңізді немесе жеке куәлік арқылы келісімшартқа отырып «Turkistan bike” велосипедІн ақылы түрде пайдалана аласыз.
Веложолдар бойынша уақыт жиілігі:
Вокзал-қақпа 11,5 км/ 45 минут;
Университет-Шипа су 8,8 км/ 35 минут;
Қазыбек би аллеясы 9,7 км/ 38 минут;
Шекті Тілеу-Жолдыаяқ батыр көшесі 7,7 км/ 30 мин;
Қала әкімдігі 14,8 км/ 60 мин;
Қақпа-Әуежай 8,4 км/ 33 мин.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *