ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА КОДЕКС КҮШІНЕ ЕНЕДІ
ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА КОДЕКС КҮШІНЕ ЕНЕДІ
«Жаңа кодекс Әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін айтарлықтай бірегей заңнамалық актіні білдіреді. Бұрын Қазақстанда мұндай кодекс болған емес», -дейді Түлкібас аудандық сотының судьясы Болат Турабай.
Жалпы, қазіргі таңда елімізде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралатын болса, бұл жаңашылдық арқылы сот ісін жүргізудің төртінші, жаңа институты – «әкімшілік іс жүргізу» деген ұғым енгізіледі.
Қазіргі таңда осы әкімшілік-әділет жүйесіне дайындық барысы жүргізіліп жатыр. 500-ге жуық судья оқытылуда, 21 әкімшілік сот құрылады, ол соттардың 17-сі еліміздің ірі қалаларында, қалған төртеуі Қаскелең, Семей, Жезқазған және Екібастұз қалаларында орналасады. Ал, Заң нормалары халыққа кеңінен түсіндірілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі